Осы аптада бірнеше ресми тұлға Ақордада есеп берді

21.09.2014
Осы  аптада бірнеше ресми тұлға Ақордада есеп берді

Бұл аптада Ақордада бірнеше ресми тұлға есеп беріп шықты. Мысалы, Бас прокурор Асхат Дауылбаев, Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев та Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан тапсырмалар алды.

Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесі өтті. Жаһан қазір тұрақсыз. Осы кезеңде Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселесі жиында қаралды.

Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жаңа қауіп-қатерлер мен тәуекелдер талқыланып, олардың алдын-алу шаралары пысықталды.

Еркін ТАҢАТҚАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу