«100 кітап» жобасының берері мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«100 кітап» жобасының берері мол

18.04.2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «100 жаңа кітап» жобасы бойынша аударылған оқулықтың бірі – «Құдайтану баяны». Осы кітапты аударған ғалымдар бүгін Еуразия Ұлттық университетінің студенттерімен кездесті. Шараны ұйымдастыруға мұрындық болған Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы. Кітапты аудару жұмысы былтыр маусым айында басталып, қазан айында аяқталған. Кітаптың жалпы көлемі - 570 бет.

Оқулық дінтану, әлеуметтану бағытындағы мамандарға және осы салада ғылыми зерттеу жүргізіп жүрген жас ғалымдарға арналған. Ең бастысы, кітап ағылшын тіліндегі түпнұсқадан тікелей қазақ тіліне аударылған.  

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу