Қостанайлық оқушылар жазғы демалыстарын киелі жерлерде өткізбек
Бұл туралы бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар орталығында баяндады. Аймақ басшысының айтуынша, жазғы демалысы кезінде 9 мың бала үшін тарихи және киелі орындарға 600 экспедиция, ал 2 мың бала үшін 57 экологиялық-туристік алаңдар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты барысында «Рухани жаңыру» бағдарламасының жүргізілу барысы туралы кеңінен айтылды.
Қарт Торғайы бар облыстың - рухани жаңғыруы сылбыр болмасы анық. Кешегі батырлар мен Алаш зиялыларының туған жеріндегі ағайын бағдарламаны барынша кәдеге асырып жатыр. Солардың арасында ең мән-мағынасы тереңі, тобыл-торғайлықтарға ғана емес, тұтас ел үшін тарихи оқиға болды. Ол Кейкі батырдың бас сүйегі елге әкелініп, кесенесінің салынғаны.
Сондай-ақ, өңірде 100-ден аса мектеп музейі ашылған. Бұдан бөлек, облыс әкімі медицина және педогогика мамандықтарына білім грантының көбейгенін айтты. Бұған дейін жергілікті бюджеттен 41 грант бөлініп келсе, енді 200-ге артқан. Облыс басшысы бағдарламаның ауқымы кеңейіп келе жатқанына тоқталды.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті де мәжіліс барысында қамтылды. Әкім «7- 20 -25» бағдарламасы екінші жарты жылдықта басталатынын айта келе, биыл 400 мың шарты метр тұрғын үй пайдалануға берілетініне екпін түсірді. Бұдан бөлек, астықтың астанасы басқа аймақтармен бірлесе, елдің Астанасына 20 жылдық мерейтойға тарту жасамақ. Яғни, велосипед жолдары салынып жатыр. Оған жұмсалған қаражаттың дені демеушілердікі.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
