Бейбіт Қорған: Көбісі ауылдық жерде бұзақылар көп болады деп ойлайды, бұл қате - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт Қорған: Көбісі ауылдық жерде бұзақылар көп болады деп ойлайды, бұл қате

25.07.2018

Жақында қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Бейбіт Қорған «Ауылым-ай» атты жаңа ән жазып, бейнебаян түсірді. Бұл туралы әнші «Түнгі студия» бағдарламасында бөлісті.

«Клиптің бюджеті қомақты болған жоқ. 1,5 миллион теңге көлемін қамтиды. Көбісі ауылдық жерде бұзақылар көп болады деп ойлайды. Біз режиссермен ақылдаса келе, керісінше екенін көрсеткіміз келді»,-дейді әнші.

Ал, бейнебаянның түсірілу барысы туралы: «Балаларға арнайы доп алып келіп ойнатқан жоқпыз. Барлығы сол жерде, аяқастынан түсірілді»,-дейді.

Сонымен бірге, әнші Астана қаласынан кәсіби деңгейдегі ән жазатын студия ашқан. Ән өңдеумен інісі Бекнұр Қорған айналысады.

 

Хабарламаларға жазылу