Нұржан Керменбаев продюсерлік етіп жүрген Шоқан Уәлихан мен Нұрман Арыстан әншімен бірге «Түнгі студияда» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұржан Керменбаев продюсерлік етіп жүрген Шоқан Уәлихан мен Нұрман Арыстан әншімен бірге «Түнгі студияда»

04.06.2018

Мамыр айында Астана мен Алматы қалаларында Нұржан Керменбаевтың сахнадағы 10 жылдық мерейтойы өтті. Астанадағы концерті қалалық Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен өткен. Бұл туралы «Түнгі студия» бағдарламасына қонаққа келген халық арасында «қара бала» атанып кеткен әншінің өзі баяндады.

Жуырда сахна жұлдызының «Жалғыз-ақ биле» әнінің бейнебаяны жарық көрді. Сонымен қатар, «қара бала» қазір продюсерлікпен айналысып жүр. Ол туралы әнші: «Продюсерлік те кәсіптің бір түрі. Көптен кәсіппен айналысқым келіп жүрді. Өзімнің мамандығыма жақын продюсерлікті қолға алайын деп, осы тірлікті Еркебұлан Молдашев екеуміз бастадық. Қазір Шоқан Уәлихан, Нұрман Арыстан атты екі өнерпаз жігітпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Екеуіне екі бейнебаян түсіріп қойдық. Альбом жазылып жатыр. Жақында фотосессиялары болады. Олар да өзіміз сияқты ауылдың балалары. Көздерінен от көремін, бақтары ашылғанын қалаймын. Олар да Қазақ елінің батасын алса екен деймін».

Ал бағдарламаға қатысқан жас әнші Шоқан Уәлихан Кәмшат Жолдыбаева орындайтын «Сен мұңайма», «KeshYou» тобы орындайтын «Қалай ғана?» сияқты әндердің авторы. «Шығармашылығымды тоқтатпаймын. Ары қарай жалғастыра беремін»,-дейді жас әнші.

Хабарламаларға жазылу