Асыл Беделхан: «Q-Pop Idols» жобасының жеңімпаздарынан жаңа топ құралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асыл Беделхан: «Q-Pop Idols» жобасының жеңімпаздарынан жаңа топ құралады

30.03.2018

Ертең «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Q-Pop Idols» атты жаңа музыкалық бағдарламаның тұсауы кесіледі. Реалити-шоу форматындағы жоба мыңдаған үміткерлердің арасынан жаңа таланттарды іріктеуге арналған кастингтен басталады. Жеңімпаздар продюсер Асыл Беделханның жетекшілігіндегі Q-POP жанрындағы музыкалық топтың құрамына кіреді. Қатысушылар әртістік қабілеттерді толық сіңіру үшін 1 ай бойы қатал бақылауда болады. Әр апта сайын сынақтан өтіп, өздерінің өнерлерін дәлелдеуі тиіс.

Қыздардан құралған жаңа  топтың атауы «Juzim» болмақ.  Бұл туралы «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болған продюсер Асыл Беделхан жеткізді.

Асыл Беделхан:

«Juz Intertaimant»-те тәлім алушылар бар. Солардың арасына кастинг арқылы тағы да қыздарды қосып, таланттарын сынап көреміз. Кастингке келген қыздардың да бағы ашылар. Осы орталықтан тәлім алып жүрген қыздар 3-4 жылдай тәжірибеден өтіп жүр. Осы жобада олардың араларында жақсы бәсеке болады.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу