Ресей Мемлекеттік думасында жаңа комиссия құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Мемлекеттік думасында жаңа комиссия құрылды

21.08.2019

Ресей Мемлекеттік думасында елдің ішкі істеріне шетелден араласу фактілерін тергейтін комиссия құрылды. Оның алғашқы отырысы ертеңге жоспарланып отыр.

Осының алдында Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеуде өткен үкіметке қарсы акцияларды ұйымдастырды деп АҚШ елшілігін айыптаған еді. Сонымен қатар, аталған дипломатиялық ведомоство өкілі Мария Захарованың мәлімдеуінше, Германияның «Неміс толқыны» мемлекеттік телерадиокомпаниясы ресейліктерді заңсыз митингіге шығуға үндеген. Алайда, Мәскеудегі Карнеги орталығының пікірінше, биліктің «шерулер сырттан ұйымдастырылды» деген уәжді мифке ұқсайды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу