Адай жылқысы ұлттық бренд ретінде тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адай жылқысы ұлттық бренд ретінде тіркелді

29.12.2023

Адай жылқысы ұлттық бренд ретінде тіркелді. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады. Мемлекет басшысы асыл тұқымды жылқыны Маңғыстаудың байлығына теңеп, оны әлемге танытуды Үкіметке тапсырған болатын.

Ол үшін Мемлекеттік комиссия құрылды. Жылқының генетикалық құрылымын зерттеу жұмыстары жүрді. Нәтижесінде Адай тұқымдас тұлпардың 6 түрі жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеліп отыр. Бұл жылқының санын көбейтуге, туризмді дамытуға септігін тигізеді, - дейді министрлік өкілдері.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу