Үндістанда су тасқынынан 140 адам қаза тапты
Үндістанның оңтүстігі мен батысында алапат су тасқынынан қаза тапқандар саны 140-тан асты. Сонымен қатар, жүздеген мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Құрбандардың жартысына жуығы – Керала штатының тұрғындары. Бұл аймақтың өзінде 100 мыңдай адам эвакуацияланған. Жергілікті билік халыққа құтқарушылар жеткенше биік жерге шығуға кеңес берді. Талай ауыл мен қала судың ортасына қалған. Оларға жету қиынға соғып отыр.
Үндістанда жаңбырлар кезеңі маусым айынан қыркүйекке дейін созылады. Өткен жылы Кералада муссон жауыны мен тасқыннан және лай көшкінінен 200-ден астам адам опат болып, 5 миллиондай үндістандық зардап шеккен.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда Starlink Mobile спутниктік мобильді байланысы іске қосылды
28.09.2026, 14:58
Мемлекет басшысы қорғаныс саласын түбегейлі реформалауды тапсырды
28.09.2026, 11:41
«Пайым, қоғам, мінез»
27.09.2026, 20:45
Жылыту маусымына дайындық қалай?
27.09.2026, 20:30
«Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16