Хорватияда 36 жастағы такси жүргізушісі 6 адамды атып өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хорватияда 36 жастағы такси жүргізушісі 6 адамды атып өлтірді

02.08.2019

Хорватия астанасы Загребте ер адам бір отбасының 6 мүшесін өлтірген. Олардың ішінде 10 жастағы бала да бар. Полицияның мәліметінше, қаза тапқандар – күдіктінің бұрынғы әйелінің отбасы болса керек. Бұрынғы жұбайын өлтіру үшін қылмыскер оның үйіне басып кіріп, ішінде болған барлық адамға оқ атып, артынша қашып кеткен. Тек 7 айлық нәресте аман қалды. Тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсіп, қаланың көп бөлігін қоршауға алған. Көлікпен ақыры қуып жеткенде, ол өз-өзіне қол салып, мерт болды. 36 жастағы такси жүргізушісі бұрын істі болмаған. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу