Калинин Атом электр станциясының үш қуат блогы апатқа байланысты өшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калинин Атом электр станциясының үш қуат блогы апатқа байланысты өшірілді

18.07.2019

Ресейдің Тверь облысындағы Калинин Атом электр станциясының 3 қуат блогы апатқа байланысты өшірілді. «РосЭнергоАтом» компаниясының хабарлауынша, жабдық зақымдалмаған, радиациялық фон қалыпты жағдайда. Апатқа трансформаторлардың біріндегі тоқтың қысқа тұйықталуы себеп болған. Соның салдарынан, электр беру тоқтатылып, 4 энергетикалық блоктың үшеуі істен шықты. Мамандар станция жұмысын екі күн ішінде толықтай қалпына келтіреміз деп отыр.

Қазір  тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Станция маңында радиациялық ая табиғи қалыпты деңгейде. «Сондықтан адамдарға алаңдауға негіз жоқ»,- дейді компания өкілдері.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу