Румынияда толассыз жауған жауыннан елдің оңтүстік-шығысын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румынияда толассыз жауған жауыннан елдің оңтүстік-шығысын су басты

07.06.2019

Ондаған тұрғын үй зардап шегіп, 171 адамды эвакуациялауға тура келді. Нөсер жаңбыр мен күшті желден жолдарды су шайып, көпір қираған. Елдің төтенше жағдайлар инспекциясының хабарлауынша, құтқарушылар 5 күн қатарынан тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Олар жертөлелерді судан құрғатып, көшелерді тазалап, зардап шеккен аудандарға құм толтырылған қаптар жеткізді.

Қазір жауын-шашын басылған. Дегенмен, жергілікті билік құтқару жұмыстары әлі бірнеше күнге жалғасатынын мәлімдеп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу