АҚШ-та Virgin Orbit компаниясы ұшақ қанатының астынан зымыран ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та Virgin Orbit компаниясы ұшақ қанатының астынан зымыран ұшырды

11.07.2019

Бұл туралы ұйым өкілдері хабарлады. Ракета Boeing 747 Cosmic Girl ұшығынан 10,5 шақырым биіктіктен төменге тасталған. Содан кейін АҚШ Әуе күштеріне тиесілі авиабаза аумағына сәтті қонды.

Енді компания алдағы уақытта тағы бірқатар сынақ өткізіп, зымыранды коммерциялық мақсатта іске қоспақ. Ол шағын жерсеріктерді ұшыру үшін қолданылады деп жоспарланып отыр. Болжам бойынша, мұндай старттың құны - 10-15 миллион АҚШ доллары. Әзірге ракетаның орбитаға қашан ұшырылатыны белгісіз. Дегенмен, компания басшылығы 2019 жылдың соңына дейін жобаны жүзеге асыруға ниетті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу