Мемлекеттік Дума Грузияға қарсы экономикалық шара қолдану туралы бастама көтерді
Ресей Мемлекеттік думасы үкіметті Грузияға қарсы арнайы экономикалық шара қолдануға шақыратын мәлімдеме қабылдады. Депутаттар бұл санкция мәселесін «Рустави-2» телеарнасының жүргізушісі Георгий Габуния президент Владимир Путинді тілдегеннен кейін көтеріп отыр. Ресей үкіметінің хабарлауынша, депутаттардың үндеуі мүмкіндігінше тез арада қарастырылады.
Мұның алдында Ресейде грузиннің шарабы мен суын импорттауды және Грузияға ақша аударуды тоқтату туралы ұсыныстар айтылды.
Мәскеу мен Тбилиси қатынастары маусымның соңында шиеленісті. Оған ресейлік депутат Сергей Гавриловтың Православия парламентаралық ассамблеясының сессиясын ашарда, грузин парламенті спикерінің орнына отыруы себепші.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04