Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози жемқорлық ісі бойынша сот алдында жауап береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози жемқорлық ісі бойынша сот алдында жауап береді

20.06.2019

Экс-президент қызметін асыра пайдаланып, құпия ақпарат алу үшін пара берді деп айыпталып отыр. Сәрсенбі күні елдің Жоғарғы соты оның істі тоқтату туралы өтінішін қабылдамады.

 

Саркози 2007 жылы өз сайлау науқанын қаржыландыру үшін L’Oreal компаниясының мұрагері Лилиан Беттенкурдан заңсыз ақша алған. Сол оқиғаны тергеу барысында ол прокурорға жоғары лауазым ұсынып, іс туралы құпия деректерге қол жеткізген. Бұл жағдай оның телефон қоңыраулары тыңдалғаннан кейін белгілі болды.

 

Тергеушілердің айтуынша, Саркози Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафиден де қаржылай көмек алса керек. Дегенмен, айыпталушы өзіне тағылған кінәлардың барлығын жоққа шығарып отыр.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу