Непаль альпинистері Эверест тауының басынан 4 адамның мәйіті мен 11 тонна қоқыс түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непаль альпинистері Эверест тауының басынан 4 адамның мәйіті мен 11 тонна қоқыс түсірді

06.06.2019

Олар әлемнің ең биік шыңын тазалау үшін 8850 метр биіктікке көтерілген. Айтуларынша, тауға шығушылар Эверестің басында оттегі шөлмектерін, жыртылған шатырларын, арқандарын, сынған сатыларын, құтыларын, пластик заттарын қалдырып кеткен.

Жалпы алғанда, Эверест бөктерінде 300-дей адам жан тәсілім етті. Олардың кейбірінің денелері күн жылып, қар ерігенде табылады. Ал, өткен айда бұл шыңда 9 адам мерт болған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу