АҚШ-тың Колорадо штатында мектептегі атысқа күдікті 2 оқушы ұсталды

10.05.2019

АҚШ-тың Колорадо штатында мектептегі атысқа байланысты екі күдікті ұсталды. Олар - сол мектептің оқушылары. 18 жастағы Девон Эриксонға кісі өлтіру және қастандық жасау бойынша айыптар тағылды. Ал, екінші күдікті 18-ге толмағандықтан, оған кәмелеттік жасқа жетпегендердің ісі бойынша жауапкершілік жүктеледі. Айта кетсек, Денвер қаласындағы мектепте қаруланған екі жасөспірім сыныптастарына оқ атқан. Салдарынан 1 оқушы қаза тауып, сегізі жараланды. Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп, оның себептері анықталып жатыр. 

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу