Гоби шөлінде Марс базасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гоби шөлінде Марс базасы ашылды

19.04.2019

Қытайдың Ганьсу провинциясындағы Гоби шөлінде Марсқа ұқсас база ашылды. Оның мақсаты – ғылымға және ғарышты зерттеуге көпшіліктің қызығушылығын арттыру. 67 шаршы шақырым аумақты алып жатқан «жасанды планетада» Марстың жер қыртысы мен қатал тіршілігі мейлінше дәл көрсетілген.

База, оқушылар үшін өз егісін алғаш рет ашып отыр. Балалар «қызыл ғаламшарда» көкөніс өсірудің қыр-сырымен танысып, астронавтардың ғарыштық модульдерде өмір сүру, жұмыс істеу, тамақтану тәсілдерін тамашалады. Сонымен қатар, олар зымыран жасауды және оны ұшыруды да үйренген.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу