Ресейдегі «Форд» зауыттары жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі «Форд» зауыттары жабылады

28.03.2019

«Форд» компаниясы Ресейдегі машина құрастыратын екі, мотор шығаратын бір зауытын жабады. Осылайша, америкалық концерн көрші мемлекеттің жолаушылар көлігін жасау нарығынан кетіп жатыр. «Форд» өкілдерінің айтуынша, бұл шешім нәтижесінде «көптеген» адам жұмыстан қысқартылады.

Енді бұл кәсіпорын жолаушылар көлігін шығаруды тоқтатып, басқа коммерциялық машина түрлерін құрастыруға көбірек көңіл бөлмек.

«Форд» - Ресейде зауыт ашқан алғашқы халықаралық автоконцерн. Кейбір мәліметтерге қарағанда,  оның көлік саудасы биыл 3,6 пайызға ғана өсіп, былтырғыға қарағанда төмендеп кеткен.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу