Киев пен Славутич қалаларында Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу рәсімдері өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киев пен Славутич қалаларында Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу рәсімдері өтуде

26.04.2016
Киев пен Славутич қалаларында Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу рәсімдері өтуде
Бүгін Украина астанасы Киев пен Славутич қалаларында Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу рәсімдері өтіп жатыр.
Тұрғындар таңертеңнен бері мемориалдарға барып, гүл шоқтарын қойып, шырақ жағып, құрбандарды еске алуда.

Алапат жарылыс осыдан 30 жыл бұрын ядролық бекеттің төртінші реакторында болды. Оны әлем жұртшылығы екі күннен кейін ғана білді. Станцияның үстін жабу және қауіпсіздендіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бұл жобаға халықаралық қорлар 2 миллиардтан астам еуро бөлген.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу