Брексит кейінге қалдырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брексит кейінге қалдырылуы мүмкін

22.02.2019

Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығу мерзімі кейінге қалдырылуы мүмкін. Мұны осы одақтың Брексит жөнінде келіссөз жүргізушісі Мишель Барнер бүгін мәлімдеді.

Премьер-министр Тереза Мэйдің одақпен ажырасу туралы келісім жобасы британ парламентінің көңілінен шықпай отыр. Дәлірек айтсақ, Лондон Солтүстік Ирландияны Еуропа Одағының кедендік кеңістігінде қалдыруға қарсы. Дау жалғасып жатыр. Ал, қайта референдум өткізуге уақыт тапшы. Ұлыбритания бұл одақтан наурыздың 29-ында шығуы керек.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу