Вашингтонда АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінің VII айналымы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтонда АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінің VII айналымы басталды

22.02.2019

Кездесу жоғары деңгейдегі экономикалық және сауда кеңесулері ретінде өтіп жатыр. Екі ел арасындағы сауда соғысын тоқтатуға бағытталған басқосуға Қытай жағынан вице-премьер Лю Хэ, Құрама Штаттар тарапынан сауда өкілі Роберт Лайтхайзер мен қаржы министрі Стивен Мнучин қатысып жатыр. Ал, өткен аптада олар Қытай астанасы Бейжіңде кездесті. Дегенмен, онда нақты нәтиже болған жоқ.

Екі мемлекет наурыздың 1-не дейін сауда дауын аяқтауға қатысты ортақ мәмілеге келуі тиіс. Әйтпесе Вашингтон Бейжіңнің жүздеген миллиард болатын тауарына тариф енгізеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу