Қазақстандық өнім Қытайға экспортталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық өнім Қытайға экспортталады

26.09.2019

Алдағы жылдары Қазақстан Қытайға шошқа етін экспорттайды. Cонымен қатар, өсімдіктер өнімін өткізу әлеуеті де артады. Екі елдің ведомство басшылары өзара ынтымақтастық жөніндегі құжатқа қол қойды. 

Жалпы, Қазақстан-Қытай арасындағы алыс-беріс тұрақты. Биылғы сауда айналымы 25 пайызға артқан. Ал бізден жөнелтілген ауылшаруашылық өнім көлемі 196 млн АҚШ долларына жетті. Біздің өнімдерге Қытайдан сұраныс жоғары. Бұл отандық тауарды өткізу әлеуетін арттыруға мол мүмкіндік бермек. 

Әсима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу