Ескі шиналарды кәдеге жаратады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ескі шиналарды кәдеге жаратады

19.02.2019

Ганада пайдаға аспай қалған дөңгелектерден жиһаз жасайтын, оң қолынан өнері тамған шебер бар. Джеффри есімді азамат бұл кәсібін осыдан 5 жыл бұрын ашқан. Түрлі жиһаздарды жасау үшін ол шина, шыны, мата мен түрлі-түсті арқандарды пайдаланады.

Өзінің сүйікті кәсібімен айналысумен бірге Джеффри Гана университетінде оқиды. Ол келешекте қоқыс, қалдықтарды кәдеге жарату ісін алға дамытып, пайдалы істі өзгелерге де үйретуді қалайды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу