СҚО Бескөл ауылында ағаш өңдеу цехы өнімдерін экспортқа шығарып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО Бескөл ауылында ағаш өңдеу цехы өнімдерін экспортқа шығарып отыр

23.06.2023

Солтүстік Қазақстанның Бескөл ауылында орналасқан ағаш өңдеу цехы өнімдерін экспортқа шығарып отыр.

Өндіріс ошағы шетелдік алпауыт компаниялармен әріптестік орнатқан. Қалдықсыз жұмыс істейтін кәсіпорын ағаш ұнтағын да кәдеге жаратады. Құрылысқа арналған тақтайдан бастап, еуро отынға дейін өндіріледі. Мекеме 120 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазақстан заңнамасы бойынша орман пайдаланушылар кесілген әр ағаш үшін бір тал отырғызуы шарт. Жасыл желек қорын үнемі толықтырып отыру мақсатында цех жанынан жылыжай ашылған. Қазір онда 80 мың қарағай өскіні өсіп тұр.

Баян Баймышева, жұмысшы:

Бұлар осы теплицаның ішінде өсіп-өнеді. Өскеннен кейін күзге қарай бұларды далаға шығарылады. Қысқы температураға үйренуі үшін. Қайсысы өсіп кетеді, соларды келесі жылы отырғызуға уже жібереміз.


Хабарламаларға жазылу