«Еуропа елдері ауызбірлікті арттырып, өз халқының мұң-мұқтажына құлақ асуы тиіс». Страсбургте өткен Еуропарламент отырысында Италия премьер-министрі Джузеппе Конте осындай мәлімдеме жасады.
Еуроодақтың болашағы талқыланған жиында арнайы сөз сөйлеген Италия премьер-министрі ұйымға мүше мемлекеттердің ортақ саясатын сынға алды. Айтуынша, одақ елдері босқындар мәселесін шешуге бағытталған уәде-міндеттемелерін әлі күнге орындамай отыр. «Заңсыз көші-қонмен күресу үшін Африкаға қаржылай қолдау көрсетуді жалғастыру қажет», - дейді Джузеппе Конте. Сондай-ақ, ол қарт құрлықтағы жұмыссыздықпен күресті күшейтіп, жастардың білім алуына, инновациялық жобаларының жүзеге асуына жағдай жасауды ұсынды.
Джузеппе Конте, Италияның премьер-министрі:
- Ауызбірліктің жоқтығынан Еуропа әлі күнге дағдарыстан шыға алмай отыр. Еуропа күннен-күнге халықтан алшақтап барады. Сондықтан бөлінбей, керісінше бірігуіміз керек. Қытай, Ресеймен диалогтан бас тарту арқылы Еуропалық Одақ ештеңеге қол жеткізе алмайды. Жаһандағы басты ойыншы болғысы келетін Еуропалық Одақ Брекситтен кейін Ұлыбританиямен қауіпсіздік, қорғаныс саласында байланысты арттыруы қажет.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.