Янукович сот үкімімен келіспеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Янукович сот үкімімен келіспеді

07.02.2019

Украинаның биліктен аластатылған бұрынғы президенті Виктор Янукович өзін 13 жылға соттау туралы үкіммен келіспейтінін мәлімдеді. Мұны ол Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында айтты. Тағы бір сөзінде Янукович Украинаның қазіргі үкіметін елді басқаруға қауқарсыз деп сынады. Экс-президенттің пікірінше, Петр Порошенконың бес жылдық билігі тарихта қаралы кезең болып қалады.

Янукович 2014 жылы өзіне қарсы жаппай шерулер кезінде Ресейге қашты. Содан кейін басшылыққа келген Порошенко елдің сыртқы саяси бағытын Мәскеуден Батысқа бұрды. Ал, жақында Украина соты Януковичты мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен сырттай 13 жылға соттаған.

Украинада келесі айда президенттік сайлау өтіп, онда Порошенкомен бірге Януковичтің сыбайластары да негізгі пост үшін бақ сынайды. Сол сайлау қарсаңында Киевтің еуропашыл бағыты үлкен пікірталасқа арқау болмақ.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу