Филиппин астанасында франциялық «өрмекші адам»  47 қабаттық ғимараттың үстіне шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппин астанасында франциялық «өрмекші адам»  47 қабаттық ғимараттың үстіне шықты

29.01.2019

Филиппин астанасы Манилада «француздың өрмекші адамы» 47-қабаттық мұнараның үстіне өрмелеп шықты. Жерге түскеннен кейін оны полицейлер тұтқындап әкеткен. 56 жастағы Алан Роберт «спайдермэн» деген атаққа 1999 жылы Чикагодағы зәулім ғимараттың ұшар басына көтерілгеннен кейін ие болды.

Оның бұл хоббиі 11 жасында басталыпты. Осы жасына дейін Роберт әлемнің 150-ден астам биік нысандарының төбесіне шыққан екен. Солардың қатарында Париждің Эйфель мұнарасы, Сидней операсы және Дубайдың Бурдж Халифасы бар.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу