Украиналық хакер 13 мың компьютердің кодтарын ұрлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украиналық хакер 13 мың компьютердің кодтарын ұрлаған

21.01.2016
Украиналық хакер 13 мың компьютердің кодтарын ұрлаған

Украиналық хакер Сергей Вовненкоға 13 мың компьютерден құпия сөздер мен несие карталарының мәліметтерін ұрлады, деген айып тағылды.

АҚШ прокурорларының хабарлауынша, компьютерлер мен несие карталарын пайдаланушылардың жеке мәліметтері 2010-2012 жылдар аралығында ұрланған. 

Осы әрекеттері үшін Вовненко кемінде 2 жылға қамалуы мүмкін. Оның абақтыда отыру мерзімі ұзартылуы да мүмкін.

Хакерге айып тағушылардың мәліметтерінше, ол жеке және заңды тұлғалардың мәліметтерін ұрлау бойынша халықаралық деңгейдегі ұйымдастырылған заңсыз әрекеттердің белсенді мүшесі болған.

Вовненконы италиялық билік өкілдері 2014 жылы ұстап, АҚШ-қа берді, деп жазады korrespondent.net.

Хабарламаларға жазылу