Францияда шерушілер үкіметтен климаттың өзгеруіне қарсы шара қабылдауды талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда шерушілер үкіметтен климаттың өзгеруіне қарсы шара қабылдауды талап етті

28.01.2019

Францияда шеру өтіп жатыр. Париждің Республика алаңына жиналған жүздеген белсенді үкіметтен климаттың өзгеруіне қарсы шара қабылдауды талап етті. Олар «Сары кеудешелер» қозғалысын қолдап, үстеріне сары жилет киіп шыққан. Демонстранттар аталған қозғалыс пен экологиялық қауымдастықтар арасында байланыс барын мәлімдеп, үкіметті салықты көтерместен бұрын қоршаған ортаны ластайтын компанияларды жазалауға үндеді. Шерушілердің сөзінше, климаттың жылынуына қарсы күрес арқылы Франция халықаралық деңгейде өзгелерге үлгі болуы тиіс.

Арай ТӨЛЕГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу