Бельгия астанасы Брюссельде климаттың өзгеруіне қарсы шеруге 35 мың оқушы мен студент қатысты. Бұл жастардың жыл басынан бері ұйымдастырып отырған үшінші шеруі. «Табиғатты аялайық», деп ұрандатқан жас буын өкілдері шаһардың басты көшелерін жауып, көлік қозғалысын қиындатты. Еуропалық парламент, Еуропалық комиссия ғимараттарының алдына жиналған олар биліктен климаттың өзгеруіне тосқауыл қоятын шараларды күшейтуді талап етті. Бірі, дизель, жағармаймен жүретін көліктерден бас тарту керек десе, енді бірі пластиктен жасалатын ыдыстар мен пакеттерді шығаруды тоқтату қажет-деген пікірде. Дәл осындай ереуіл ақпанның ортасына дейін елдің бірқатар қаласында жалғасады.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.