Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум жалғасып жатыр

24.01.2019

Оған әлемнің 60-қа жуық мемлекетінің басшылары мен үкімет жетекшілері шақырылған. Жиын аясында 600-дей сессия өтіп, сандық дәуірдегі ғаламдануға популизмнен төнген қауіп, климаттың жылынуы, монетарлық саясат, әлем экономикасының болашағы, табыс теңсіздігі, технологиялық даму мәселелері талқыланып жатыр.

Форумға дүниенің түкпір-түкпірінен 3 мыңдай делегат жиналған. Олардың қатарында 40 шақты халықаралық ұйымның өкілдері мен 2 мыңға жуық компанияның басшылары бар.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу