Бельгияға алғашқы қар жауып, қыс түсті. Ел астанасы Брюссельдің коммуналдық қызмет өкілдері төтенше оқиғаның алдын алып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 800 тонна тұз сепкен. Ауа температурасы күрт төмендегендіктен, ел үкіметі баспанасыздарға арналған әлеуметтік мекемелердің санын көбейтіп жатыр. Күн суытқалы сол орталықтарды паналаушылардың қатары артқан. Балалы отбасыларға орталықта көктем шыққанша қалуға рұқсат. Ал, жалғызбастылар онда тек түней алады. Мекеме басшылығы «Қызыл крест»қоғамымен бірігіп, паналаушыларды екі мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуге тырысуда.
Мари-Анне Робберехт, тұрғылықты жері жоқ жандарға арналған орталықтың үйлестірушісі:
- Қарашадан бастап орталықтарға сұраныс көбейді. Кейде орын тапшы болғандықтан бәрін сыйғызу мүмкін болмай жатады. Сондықтан алдымен кішкентай балалары бар әйелдерге басымдық беріледі. Жақында 300 орындық тағы бір орталық ашамыз. Баспанасыздардың қатары көбеймесе, азаймай тұр.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.