Кенияның Найроби қаласындағы қонақүйге шабуыл жасалып, 14 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенияның Найроби қаласындағы қонақүйге шабуыл жасалып, 14 адам қаза тапты

16.01.2019

Тағы 700-ден астамы қауіпсіз жерге көшірілген. Қантөгіс үшін жауапкершілікті сомалилік «әш-Шабаб» қарулы тобы өз мойнына алды. Кения үкіметі оқиғаны теракт деп атады.

Содырлар бесжұлдызды «Дюсит» қонақүйіне сейсенбі күні көлікпен барып, күзетшілерге оқ жаудырып, ішке басып кірген. Содан кейін атыс пен жарылыстар болды. Ел президенті Ухуру Кениатаның мәлімдеуінше, лаңкестердің төртеуі де жойылды.

Айта кетсек, «әш-Шабаб» алдына Сомалиде шариғаттық мемлекет құру мақсатын қойып, Шығыс Африка елдеріне бірнеше жылдан бері шабуыл жасап келеді. 2013 жылы бұл топ Найробидегі сауда орталығына басып кіріп, 67 адамды мерт қылған еді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу