Кенияда ереуіл полициямен қақтығысқа ұласты
Кенияның Найроби, Мигори және Кисуму қалаларында оппозиция жақтастары екі күн бойы ереуілдетіп, полициямен қақтығысып жатыр. Кисуму қаласында 1 адам қаза тауып, 3-еуі жараланған.
Демонстранттар қайта өткізілетін президенттік сайлауды болдырмауды көздеген. Олар көлік дөңгелектерін өртеп, көптеген баррикадалар орнатты. Ашуға ерік берген халықты басу үшін полиция қызметкерлері көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болды.
Ереуілшілер негізінен сайлау учаскелеріне өтетін жолдарды жауып, адамдарға дауыс беруге тосқауыл қоюға әрекет жасаған. Алдын ала болжам бойынша сайлау өткен жағдайда Ухуру Кениата ел президенті болуы мүмкін деген мәлімет бар.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Криптовалюта мен цифрлық теңгенің айырмашылығы неде?
17.05.2026, 20:16
Бюджеттегі ұрлық: Былтырдан бері білім беру саласында 85 қылмыстық іс тіркелген
17.05.2026, 20:07
Сатып алу, пара беру, оқып алу: Жүргізуші куәлігіне қатысты заңсыздықтар қашан тыйылады?
17.05.2026, 20:06
LRT Астананың тағы қай аудандарына салынады?
17.05.2026, 20:05
Қазақстан мен Түркия «АНКА» дрондарын бірге өндіреді
17.05.2026, 19:56
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде қандай ұсыныстар айтылды?
17.05.2026, 19:55
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12