БҰҰ-на мүше 164 мемлекет миграция туралы келісімге қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-на мүше 164 мемлекет миграция туралы келісімге қол қойды

12.12.2018

Мароккода БҰҰ-на  мүше 164 мемлекет  миграция туралы келісімге қол қойды. Құжат әлемдегі көші-қон дағдарысымен күресуге бағытталған. Келісімнің толық атауы «Қауіпсіз, реттелген және заңдастырылған миграция туралы ғаламдық шарт» деп аталады. БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл құжатты «тарихи» деп атап, «әлемдегі миграциялық проблемаларды шешудің жол картасы», деп баға берді. Дегенмен, қабылданған келісімнің шартты күші жоқ.  Айта кетсек, әлемде қазір мигранттардың саны 258 мыңға жеткен. 2000 жылдан бері 60 мыңдай мигрант қаза тапқан екен. Мигранттардың босқындардан айырмашылығы - біріншілері өз елдерінен қуғын-сүргін салдарынан емес, өзге елдерден жақсы өмір іздеп кетеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу