«Брексит» бойынша бекітілген келісім қайта қаралмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Брексит» бойынша бекітілген келісім қайта қаралмайды

11.12.2018

«Брексит» бойынша бекітілген келісім қайта қаралмайды және осы мәселе бойынша тағы келіссөздер жүргізілмейді. Еуропалық комиссия басшысы Жан-Клод Юнкер осылай деп мәлімдеді. Ұлыбританияның ЕуроОдақтан шығатыны туралы келісімді ұйымның 27 мемлекеті қарашаның 25-де мақұлдады.

Ал, бұл құжатты британ парламентінің қауымдар палатасы бүгін дауысқа салуы керек еді. Дегенмен, Тереза Мэй ол процедураны кейінге қалдырды. Премьер-министрдің осы қадамы Еуропа Одағы өкілдерінің сынына ұшырап отыр. Дегенмен, «Брекситке» байланысты жоғарыда аталған келісім британиялықтардың қолдауына ие болмай, демалыс күндері он мыңдаған адам құжатты қайта қарауды талап етіп шеруге шыққан болатын.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу