Макрон Париждегі тәртіпсіздіктерге қатысты үндемегені үшін қоғам сынына ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Макрон Париждегі тәртіпсіздіктерге қатысты үндемегені үшін қоғам сынына ұшырады

10.12.2018

Бүгін Франция президенті Эммануэль Макрон кәсіподақтар мен компаниялардың өкілдерімен, министрлермен және жергілікті басшылармен кездесті. Содан кейін ол ұлтқа телевизиялық үндеу жолдап, «сары кеудешелер» дағдарысына қатысты жауап беруі тиіс. Макрон Париждегі тәртіпсіздіктерге қатысты үндемегені үшін қазір қоғамның қатаң сынына ұшырап отыр. Кейбір оппоненттерді оны зорлық-зомбылықтар кезінде Елисей сарайын бункерге айналдырып алды деп айыптады.

Айта кетсек, сенбі күні Францияда 136 мыңдай адам шеруге шығып, ол полициямен қақтығысқа ұласты. Бүкіл ел аумағында 1700-ден астам адам тұтқындалған. Солардың 1000-ға жуығы Парижде ұсталды.

«Сары кеудешелілер» қозғалысы жанармай салығына қарсы акцияны қарашаның 17-де бастады. Содан бері талай көлік пен ғимарат өртеліп, дүкендер мен банктерге шабуыл жасалды. Сондықтан, үкімет ол салықты доғарды.

Шерушілер қымбатшылыққа да наразы. Және де олар президентті байлардың мүддесіне қызмет етті деп айыптап, Макроннан тіпті отставкаға кетуді талап етіп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу