Сычуань провинциясында лай көшкінінен 3 адам қаза тапты
Қытайдың Сычуань провинциясында алапат лай көшкіні болды. Апат салдарынан 12 адам үйінді астында қалып, 3 тұрғын қаза тапты. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, оқиға жергілікті уақытпен сағат 17:00-де басталып, таудан тас пен топырақ құлаған. Көшкіннен 3 үй жермен-жексен болды.
Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Екі адам үйінді астынан шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына бас-аяғы 600 құтқарушы жіберілді. Олар үйінді астынан 2 жасар баланы шығаруға күш салып жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Премьер-министр қорғаныс министріне тапсырма берді
29.09.2026, 20:01
Қазақ-Герман инвестиция-қаржы платформасы құрылады
29.09.2026, 20:00
Бескөлдегі емхананың құрылысына Ұлттық қордан 5 млрд теңге бөлінді
29.09.2026, 20:00
Азиада: Жеңіл атлеттеріміз финалда
29.09.2026, 17:35
Г.Асфендиярова және қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі
29.09.2026, 17:33
Жамбыл облысында 100 жыл химия өнеркәсібіне еңбегі сіңген әулет тұрады
29.09.2026, 17:32
«Қазатомөнеркәсіп» үздік мамандарды марапаттады
29.09.2026, 17:30
Атырау облысының Жамансор ауылында жаңа мектеп ашылды
29.09.2026, 17:27