Мәскеуде генерал-майор Панфиловтың мүсіні ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде генерал-майор Панфиловтың мүсіні ашылды

20.11.2018

Әйгілі 28 панфиловшылардың Мәскеу түбінде ерлік көрсетіп, генерал-майор Иван Панфиловтың қайтыс болғанына биыл 77 жыл. Осыған орай, Ресей астанасында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шара барысында Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловқа арналған кеудемүсіннің ашылу рәсімі өтті. Туындының авторы ресейлік шебер – Михаил Сердюков. Ескерткіш Мәскеудегі ІІ Дүниежүзілік соғысқа арналған орталық мұражайға табысталып отыр. Шараға көппен бірге Алматыдан арнайы келген Иван Панфиловтың немересі Айгүл Байқадамова мен «Қазақстан генералдар кеңесі» ұйымының төрағасы Рүстем Қайдаров та қатысты. Жиын барысында Зеленоград қаласындағы орта мектептің оқушылары «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» деп аталатын қозғалыстың мүшесі атанып, «28 панфиловшылардың ерлігін мәңгі есте сақтаймыз және құрмет тұтамыз», деп ант берді.    

Айгүл Байқадамова, Иван Панфиловтың немересі:

- Генерал Панфиловтың өмірден өткеніне 77 жыл болса да, меніңше ол, әлі күнге дейін біздің халықтарымыздың арасындағы достықтың қорғаны сияқты. Бүгінгі шараға көптеген жас панфиловшылар қатысты. Сондықтан, кейбір жұрттар панфиловшылар болған жоқ десе, біз енді оларға, панфиловшылар 28 ғана емес, олардың саны миллиондаған деп жауап береміз.

Рүстем Қайдаров, «Қазақстан генералдар кеңесі» ұйымының төрағасы:

- Осыдан 3 жыл бұрын Талғат Бигелдиновтың, былтыр Сағадат Нұрмағамбетовтің мүсінін қойдық. Бүгін міне, Панфиловтың кеудемүсінін тапсырып жатырмыз. Бәріңізді құттықтаймын. Мәскеуге тағы бір батырымыздың мүсінін орнатып кетіп барамыз.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу