Украинаның Донецк және Луганск облыстарында өткен сайлауды әлемдік қауымдастық мойындамады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның Донецк және Луганск облыстарында өткен сайлауды әлемдік қауымдастық мойындамады

12.11.2018

Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облыстарында жексенбіде өткен сайлауды әлемдік қауымдастық мойындаған жоқ. АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Нидерланды және Польша бұл дауыс беруді заңсыз және «Минск келісімдеріне» қарама-қайшы деп мәлімдеді. Бұған қоса, сайлаудан үш күн бұрын Құрама Штаттар ДНР мен ЛНР-ге қатысты үш физикалық тұлға мен 9 компанияға санкциялар жариялады.

Өз бетінше республика жариялаған сепаратистік Донецк пен Луганскта «халық кеңестері» мен аумақтар «басшылары» сайланған. Украина президенті Петр Порошенко бұл саяси шараны жалған деп атап, оған қатыспауға үндеді. Ал, Ресей ақпарат агенттіктері сайлау «тыныш» әрі «заңбұзушылықтарсыз» өтіп жатқанын хабарлаған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу