Қытайда робот-тележүргізушілер пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда робот-тележүргізушілер пайда болды

12.11.2018

Қытай жаңалық оқитын дикторды да қолдан жасап, әлем жұртшылығына көрсетті. Робот-тележүргізушілер мемлекеттік «Синьхуа»  агенттігінің эфирінде пайда болды.  Оларды кәдімгі адамнан ажырату қиын. «Мен сіздерді хабардар ету үшін тәулік бойы шаршамай жұмыс істеймін», - дейді жасанды интеллект жүйесімен құрастырылған көгілдір экран қызметкері.

Олар «Синьхуада» жұмыс істейтін шын адамдардың бейнесін қайталап отыр.  Дегенмен, Оксфорд университетінің профессоры Майкл Уолбридждің ойынша, бұл роботтарға бірнеше минуттан артық қарау мүмкін емес. Өйткені, олардың беті тегіс әрі тым қарапайым. Ал, дауыстарында ырғақ пен екпін жоқ. Ал, өзге бір бақылаушылардың сөзінше, бұндай технология келешекте дамуы мүмкін.

 

Арыстан РЫСБЕК

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу