Қытайда «Эрис» инфекциясы жылдам таралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда «Эрис» инфекциясы жылдам таралып жатыр

21.08.2023

Қытайда «Эрис» инфекциясы жылдам таралып жатыр. Жергілікті дәрігерлердің мәліметінше, сәуірде «ковидке» шалдыққандар арасында, оны жұқтырғандар 0,6 пайыз ғана болған. Ал тамызда мұндай науқастардың қатары 71 пайыздан асқан. «Омикронның» бір тармағы саналатын бұл вирус 2021 жылдың қарашасында пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ол басқа нұсқаларға қарағанда қоғамдық денсаулыққа көбірек қауіп төндірмейді. Қазіргі уақытта «Эрис» әлемнің 50-ден астам елінде анықталып отыр. Ал АҚШ-та коронавирус диагнозы қойылғандардың 17%-ынан осы штамм расталған.  


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу