Қытай импорттық тарифын төмендетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай импорттық тарифын төмендетпек

05.11.2018

Қытай сырттан келетін тауарларға тарифті төмендетіп, өзінің тұтынушылық нарығын өзге әлемге кеңірек ашпақ. Мұны бүгін Халықаралық импорт жәрмеңкесінде президент Си Цзиньпин мәлімдеді. Америкалық және еуропалық компаниялардың айтуынша, Қытай шетелдік патенттер мен интеллектуалдық мүлікті көшіріп алып, оларды нарықтағы бәсекелестеріне қарсы қолданып отыр. Алайда, «Ассошиэйтид Пресс» агенттігінің хабарлауынша, Си Цзиньпин Қытайдың технологиялық саясаты мен оның шетелдік компаниялар қызметін шектеуі жайлы сұрақтарды жауапсыз қалдырған.

Тағы бір сөзінде Си мырза Қытай өнеркәсібінің қауіпке душар болғанын мойындай отырып, өз елінің 12 триллион долларлық экономикасының бассейн емес, теңіз екенін ескертіп, оның кез келген дағдарысты еңсере алатынын атап өтті.

Шанхайда қарашаның 10-на дейін өтетін Халықаралық импорт экспосына әлемнің 152 елінің 3600-дай компаниясының өкілдері қатысып жатыр.

 

Арыстан РЫСБЕК  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу