Қытайдан біздің елге 6 мың тонна алма келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан біздің елге 6 мың тонна алма келген

12.10.2020

Алатаудың баурайы алманың отаны дегенмен, Алматыда алманың импорттық түрлері де көп. Мәселен, биыл Қытай Қазақстанға 6 мыңға тоннаға жуық алма экспорттаған. Көрші елден келетін тауар былтырмен салыстырғанда 4,5 есеге көбейді. Ал Польшаның алмасы нарықта керісінше 29%-ке азайған. Бұдан бөлек, алма бізге Иран, Бельгия, Өзбекстан мен Түркиядан импортталады. Алматыға Өзбекстаннан келетін алма 2 есе көбейгенмен, ел бойынша 11 есеге азайып отыр. Шамамен елге жылына 128 мың тонна алма әкелінеді. 

Ақерке Бектас

алма импорт

Хабарламаларға жазылу