Түркия мен АҚШ-тың жол картасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия мен АҚШ-тың жол картасы

02.11.2018

Түркия мен АҚШ сарбаздары Сирияның солтүстігіндегі Манбидж қаласы аймағында бірлесе патруль жүргізуге кірісті. Бұл шараның мақсаты - НАТО-дағы екі одақтастың өзара қатынасын жақсарту және түрік жауынгерлері мен АҚШ қолдаған күрд жасақтарының қақтығысына жол бермеу.

2016 жылы күрдтер Манбиджді «Даиш» содырларынан босатып, онда өздері орналасқан еді. Алайда, Вашингтон мен Анкара жасаған келісімге сәйкес  күрдтер бұл шаһардан түрік армиясымен жанжалдаспай кетуі керек.

Өзге бір мәліметке қарағанда, АҚШ-пен арадағы ортақ патрульдің басталғанына қарамастан, Түркия Евфрат өзенінің қарсы жағалауындағы күрд жасақтарына қарсы операция жүргізіп, оларды жойып жіберетіндерін ескертіп отыр. 

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу