Қара теңіз түбінен Платон заманындағы ежелгі кеме табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара теңіз түбінен Платон заманындағы ежелгі кеме табылды

24.10.2018

Қара теңіздің Болгария жағалауынан Сократ пен Платон заманындағы ежелгі кеме табылды. Ол 2400 жыл бұрын құрдымға кеткен. Ұзындығы - 23 метр. Қиғашынан жатқан кемені британдық және болгариялық зерттеушілер Бургас қаласынан 80 шақырым қашықтықта тапты. Оның жүргізуші тұтқасына, орындықтарына және тағы басқа заттарына зақым келмеген екен.

Айта кетсек, Израильдегі Гехта мұражайында біздің дәуірімізге дейінгі 5-ші ғасырда жасалған кеме бар. Бірақ, ол аса жақсы сақталмаған.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу