Бангладеш астанасы Даккада халық жаппай шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеш астанасы Даккада халық жаппай шеруге шықты

11.10.2018

Демонстрантар соттың шешімінен оппозиция партиясының жетекшісін өмір бақи бас бостандығын айыру үкімене қарсы. Шешім бойынша оның 19 жақтасы өлім жазасына қиылды. Оларға 2004 жылы ел премьер-министрі шейх Хасинды өлтірді деген айып тағылған. Шерушілер бұған Ұлттық партия төрағасы Тарик Рахманды кінәлап, оған өлім жазасын беруді талап етті. Қазіргі таңда Рахман өзге елге қашып, Лондонда тұрады екен.

Айта кетейік, 2004 жылы ел премьері Хасинның митингте сөз сөйлеп тұрған кезінде жиналғандар граната лақтырып, 24 адамның өмірі қиылған. Тағы 500-ге жуығы жараланады.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу