Малайзияда экс-премьердің әйеліне 17 айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзияда экс-премьердің әйеліне 17 айып тағылды

04.10.2018

Малайзияның экс-премьері Наджиб Разактың жұбайы бүгін тұтқындалып, оған 17 айып тағылды. Розма Мансұрды сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясы тергеген. Ол ақша жымқыру ісіне қатысты ұсталып отыр. Дегенмен, айыпталушы өзіне тағылған кінәларды мойындаған жоқ. Сонымен бірге, оның күйеуі - экс-премьер Наджиб Разак ақша жымқыру және терроризмді қаржылай қолдаумен күрес бөліміне шақырылып, одан да жауап алынды.

64 жастағы Разаққа тамызда ақша жымқыру, терроризмді қолдау, заңсыз пайда табу туралы қылмыстық істердің үш эпизоды бойынша айып тағылды. Тергеу барысында оның «Си Ри Эс Интернэшнл» атты шағын мемлекеттік қордағы қаражатты өзінің жеке есеп-шотына аударғаны анықталған. 

Жалпы алғанда, Разакқа 32 айып тағылмақ. Кінәсі, дәлелденсе, ол 45 жыл түрмеге қамалып, ондаған миллион доллар айыппұл төлейді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ       

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу