Малайзияның экс-премьер-министрі Наджиб Разақ бүгін сотқа оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзияның экс-премьер-министрі Наджиб Разақ бүгін сотқа оралды

15.04.2019

Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разақ бүгін сотқа оралды. Оның мемлекеттік даму қорынан миллиардтаған доллардың ұрлануына қатысы болуы мүмкін. Бұрынғы үкімет басшысына қарсы тергеу жұмыстары сәуірдің 3-де басталды. Ал, бір жылға жуық уақыт бұрын Разақ, парламенттік сайлауда жеңіліске ұшырап, қызметтен кеткен-ді.

Мемлекеттік қазынадан 4,5 миллиард доллар жымқырылған. Соттың мәлімдеуінше, экс-премьердің есепшотына 10 миллион доллардан астам ақша аударылды. Жалпы алғанда, Разаққа қарсы 42 айып тағылып отыр. Алайда, айыпталушы мұның бәрін жоққа шығарып, сол кінәлардың саяси астары бар деп есептейді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу